«Мен, сен, ол, бәріміз - тұтас елдің сәніміз» атты спорттық эстафеталық жарыс » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен, сен, ол, бәріміз - тұтас елдің сәніміз» атты спорттық эстафеталық жарыс
03
май
2022

«Мен, сен, ол, бәріміз - тұтас елдің сәніміз» атты спорттық эстафеталық жарыс

Іле ауданы, Жауғашты ауылы, №27 орта мектебі
«2022 ЖЫЛЫ - БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» балалар жылына орай 2022 жылдың 26 сәуір күні «1- Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні» мерекесіне арналған «Мен, сен, ол, бәріміз - тұтас елдің сәніміз» атты спорттық эстафеталық жарыс өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық  ойынға қызығушылығын арттыру.
Жарысты бастамас алдын ала Қазақстан Республикасының ән ұраны шырқалды. Сондай-ақ дене шынықтыру әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Шоисламов Ш. Д сөз сөйлеп оқушыларға жеңіс және сәттілік тілей отырып, дене шынықтыру пән мұғалімдері: Шамшетов Ж. Р.,  Ибрагимов А. А.,  Кенжебекұлы Д., Калинин С. А  ойын ережесі мен таныстырып әділ төрешілік етті. Жарыс 5-бөлімнен тұрды 1-ші «Допсыз жүгіру», 2-ші «Доптты апарып қойып келесі оқушы алып келу», 3-ші «Кенгіру сайысы», 4-ші «Отырып секіру немесе отырып жүру» 5-ші «Арқан тартыс» сайысы. Қамтылған бала саны - 45 оқушы. Жарыс нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командалар Алғыс хаттар мен марапатталды.
Жарыс қорытындысы төмендегідей:
⚜️Бас жүлде: 3 «А» сынып - «Арлан» тобы.
🥇І орын: 4 «А» сынып - «Қыран» тобы.
🥈ІІ орын:  4 «Ә» сынып - «Барыс» тобы. 
🥉ІІІ орын:  4 «Б» сынып - «Қарлығаш» тобы иеленді. 
Марапаттарыңыз құтты болсын!