«Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!» » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!»
16
июнь
2022

«Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!»

№ 27 орта мектебінде мектеп өміріндегі дәстүрге айналған мерекелердің бірі - «Қош бол, алтын ұя- мектебім!» атты мектеп бітірушілер кеші 16 маусым күні өткізілді. Балалар жылына орай «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!» тақырыбында өткен жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыруға арналған салтанатты жиында №27 орта мектебі 2021-2022 оқу жылының 14 түлегіне білім мен тәрбие нәрімен сусындатып, қанаттарын қатайтып, үлкен өмірге жолдама берді. «Қош бол, алтын ұя- мектебім!» атты мектеп бітірушілердің мерекелік кешіне мектептің ұстаздары және ата-аналар келіп қатысты.
«Қош бол, алтын ұя- мектебім!» атты салтанатты кеш «Жұлдыздар шеруі» түрінде өткізіліп, мектеп бітіруші түлектер ортаға шақырылып, жетістіктері. айтылды. «Мектеп бітіру кеші» салтанатты жиыны ашық деп жарияланып, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
   Мектеп директоры А.Ш. Есимханова «Алтын белгі» иегерлері Тимофеев Владислав пен Жангирова Софияға жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» медалін табыстады. Мектеп бітіруші түлектерді мектеп директоры Есимханова Айгуль Шугаевна құттықтап, қалған түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырды. Келесі кезекте 11 «Б» сынып жетекшісі Евгения Васильевна өзінің түлектеріне ыстық лебізін білдірді. Мектеп бітіруші жас түлектердің ата – аналарына құттықтау сөз берілді. Соңынан түлектер ата-аналарымен естелікке суретке түсті. Келген ұстаздар қауымы мен ата-аналар сағат 10.00– 11.00 дейін түлектердің мерекелік іс-шараны тамашалады. Сағат 12.00 кейін оқушылар ата- аналарымен үйіне тарады.