Қауіпсіз ЖАЗ - 2022 » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз ЖАЗ - 2022
23
июнь
2022

Қауіпсіз ЖАЗ - 2022

2022 жылдың 23 маусым күні «Қауіпсіз ЖАЗ - 2022» тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында жасөспірімдердің жазғы демалыс кезінде жеке бас қауіпсіздігін сақтау, оқыс оқиғаларды болдырмау, алдын алу мақсатында қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырылды: Кәмелет жасқа толмағандардың ата-аналары немесе заңды уәкілдерісіз күдікті жерлерге бармауды, көшедегі, жолдағы, көліктегі қауіпсіз жүріс-тұрыстар, суда жүзу ережелерін сақтау, кәріз құдықтары жанына жақындамау, бұзылған немесе құрылыс жүргізіліп жатқан ғимараттардың маңына жақындамау, саябақтарда, ойын-сауық орталық ғимараттарында өрт қауіпсіздігі, саябақ және басқа да демалыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау, адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қатер төндіретін электр беру желілерінің бағаналарына жақындамау туралы қауіпсіздік ережелері оқушылар назарына сынып жетекшісі А.А. Тулявова және директордың тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Сагинбекова нұсқаулықтар, жаднамалар таратылды.