«Дін дегеніміз не?» атты тақырыпта 6-7 «А» сыныбында дөңгелек үстел » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дін дегеніміз не?» атты тақырыпта 6-7 «А» сыныбында дөңгелек үстел
08
февраль
2023

«Дін дегеніміз не?» атты тақырыпта 6-7 «А» сыныбында дөңгелек үстел

Іле ауданы, Жауғашты ауылы, №27 орта мектебі 
2023 жылдың 23 қаңтар күні 7 "А" сынып жетекшісі К.М. Убайдуллаеваның ұйымдастыруымен Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды діни әр бағытта арандатуға жол бермеу мақсатында «Дін дегеніміз не?» атты тақырыпта 6-7 «А» сыныбында дөңгелек үстел өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға «Дін дегеніміз не?», «Әлемде қандай діндерді білесіңдер?», «Қоғамға әсері қандай?» деген ортақ сауал тасталынып, сұрақ - жауап ұйымдастырылды.
«Діннен адастырар ағымдар», «Діни терактілер хронологиясы» видеороликтері көрсетіліп, қоғамға жат қылықтардан аулақ болу керектігі жөнінде мәлімет берілді.
Дін атын жамылған ұйымдарға тыйым салынғанын және оларға енуге болмайтындығы жайлы мәлімет беріліп, жаднама оқылды.
Қорытынды бөлімінде оқушылар тақырыпқа сай ситуациялық тапсырмалар орындады. 
Сынып сағаты алға қойған мақсатқа жетті, қоғамға жат қылық лаңкестіктен аулақ болу керектігін ұғынып, бейбітшіліктің маңызын түсінді. Сынып жетекшісі: Убайдуллаева К.М.