Интернет кітапты алмастыра ала ма? » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Интернет кітапты алмастыра ала ма?
08
октябрь
2021

Интернет кітапты алмастыра ала ма?

Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылы №27 орта мектебінде ағымдағы жылдың 07 қараша күні «Шапағат» дебат клубы жетекшісі С.Ж Мергенбаеваның ұйымдастыруымен «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» атты тақырыпта турнир өткізді. Мақсаты: оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету. Сондай-ақ оқушыларды өз ойларын ашық, нақты, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дебат сайысы қарқындап дамып келе жатқан компьютердің қоғам арасында кеңінен қанат жайып кеткен ғаламтор төңірегінде және де адам баласының жан азығы ерте заманнан адамды білімге жетелеген кітап жайлы болды. Оқушылар «Кітап» және «Ғаламтор» болып жақтаушы және даттаушы топтарға бөлінді.
Алдымен «Кітап» тобының жетекшісі Сламғали Ә білімнің қайнар көзі кітаптың пмаңызы мен баға жетпес құнды қазына екендігін айтып өтті. Кітап- уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Ең сабырлы ұстаз – кітап. Тек кітап қана қайырымдылық пен қатыгездіктің, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйрететіндігін жеткізді.
«Ғаламтор» тобының жетекшісі Түркменбаев Б «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет», ХХІ ғасыр – компьютер заманы, ғаламтордың арқасында алыс елдерден хабар жылдам алынады. Ғаламтордың да адамзатқа тигізер өзіндік пайдасы зор.
Дебат соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Кітап» тобы жеңіске жетті. Қатысушы топтар марапатталып, құттықталды.