15 мамыр - Халықаралық отбасы» күніне орай 13 мамыр күні 8 «А» сынып жетекшісі Г.Ө. Нұржал «Менің көңілді отбасым» » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр - Халықаралық отбасы» күніне орай 13 мамыр күні 8 «А» сынып жетекшісі Г.Ө. Нұржал «Менің көңілді отбасым»
16
май
2022

15 мамыр - Халықаралық отбасы» күніне орай 13 мамыр күні 8 «А» сынып жетекшісі Г.Ө. Нұржал «Менің көңілді отбасым»

Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылы №27 орта мектепте «Балалар жылы» аясында «15 мамыр - Халықаралық отбасы» күніне орай 13 мамыр күні 8 «А» сынып жетекшісі Г.Ө. Нұржал «Менің көңілді отбасым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты-отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып, отбасы мүшелерін қадірлеуге, сыйластық танытып, құрмет тұтуға баулу. Білім алушылар сабақты әрқайсысы өз отбасы жайлы жылы лебіздерін айтумен бастады. Сонымен қатар үйден дайындап келген өз отбасы мүшелерінің естелік фотосуреттерін таныстырып, оларға деген сүйіспеншіліктерімен бөлісті. Білім алушылар сабақ соңында «Менің көңілді отбасым» тақырыбында өлең шумақтарын жолдап, бейнежазба, фотоколлаж ұйымдастырып, сабақты қызықты аяқтады. Осылайша бүгінгі тәрбие сағаты жылы, әрі көңілді қалыпта өтті.