"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"
28
октябрь
2022

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"



№27  мектебінде 2022 жыл 28 қазан күні мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп директоры А.Ш. Есимханова ата-аналарға түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмайтыны немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы (№ 442 бап) жауапкершілікке тартылытындығы, оқушыларға таныс емес адамдардың көлікке отырмауы туралы айтылды. 
Жаман әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі түсіндірілді. Кешкі мезгілде дүкендерге бармауы, яғни алкоголдік есірткілік нәрселерден аулақ болуға, электронды темекілердің денсаулыққа зияны, буллинг, кибербуллингтің алдын алу, интернет ойындары («Собачий кайф», «Синий кит») аса қауіпті екендігі туралы айтылды. Жиналысқа 47 ата –ана қатысты.