«Даналық әліппесі» » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Даналық әліппесі»
15
февраль
2022

«Даналық әліппесі»

Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылы №27 орта мектеп
«Даналық әліппесі» Инновациялық сөйлейтін қалам нұсқаулығымен таныстыру мақсатында зияткерлік технология негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» оқу-тәрбиесі құралымен 2 «А», 2 «Б» және 5 «А» сыныптарына таныстыру сабағы өтті. Оқушылар инновациялық-сөйлейтін қаламға қызығушылық танытып, халқымыздың жыр-дастандарын, ән-күйлері мен аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздер мен бата тілектерін тыңдады.
    «Даналық әліппесі» кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген. Олар баланың туғаннан бастап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп беріледі. Аталған кешен нұсқаулық, он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады. «Даналық әліппесіндегі» даналық әлемі кеңістігін түзетін қайнар көз ретінде ұсынылған халықтық туындылар электрондық дыбыстау құралдары арқылы тыңдалады.                       
    Мектептің кітапханашысы: Калжанова Е.