Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық
01
сентябрь
2022

Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылы, № 27 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күніне орай "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыпта өткізілді. Шара барысында, алғашқы құттықтау сөзді №27 орта мектеп директоры Есимханова Айгуль Шугаевна сөйлеп, 1- сыныптың сынып жетекшілері мен 6 «А», «Б» сыныптарға кадет сыныбының ашылуына жылы лебізін білдірді. Кадет сыыптың ашудағы басты мақсат – жастарды отаншылдыққа баулу, әскери өмірге мектеп қабырғасынан бастап үйрету. Әлеуметтік, патриоттық тәрбие мен, интеллектуалдық, рухани, моральдық және физикалық дамуы процесінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, Отанын қорғауға, сүюге баулу. Мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі мектеп ұжымына, ата-аналарға, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге оқу жылына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.