"Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!" » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№27 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!"
01
январь
2023

"Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!"

№27 мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жылдығына орай 09 желтоқсан күні 7 "А" сынып оқушыларымен "Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз!"  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Тәуелсіздікті бағалай білуге, Отанды құрметтеуге, ұлтжанды, елжанды болуға  тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.
Биыл  Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 31 жыл,  желтоқсан оқигасына 36 жыл болды. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұл күн - Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 
Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 
Отанымыз тыныш болып,  еліміз көркейе берсін. Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі,  гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, тұғыры биік болғай!
Сынып жетекшісі: Убайдуллаева К.М.